«Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мәжілісі өтті

2019 жылғы 27 тамызда Директорлар кеңесінің бірінші мәжілісі жаңа құрамда болды.

Мәжілісті Директорлар кеңесінің төрағасы Дәуешов Марат Еркінұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары өткізді.

Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты:
1. Жұмабеков Арман Дайырұлы
2. Нұрғазиева Бану Ғаниқызы
3. Ташенев Бакытбек Хакимович
4. Өміралиев Ербол Жұмабайұлы
5. Пустовойтенко Виталий Васильевич, тәуелсіз директор
6. Сағындықов Исатай Өмірзақұлы, тәуелсіз директор.
Еңбек демалысында болуына байланысты мәжіліске Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысқан жоқ:
1. Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы
2. Раисова Гүлмира Болатқызы

Мәжілісте Директорлар кеңесінің мүшелерімен бірқатар мәселелер, оның ішінде 2018 жылға аудит жасалған қаржылық есебін бекіту қаралды.

Мәжіліс қортындысы бойынша Қоғамның бас директоры акционерлік қоғамның ағымдағы қызметі және даму келешегі туралы баяндама-презентациямен сөз сөйледі.

Similar Posts