Қостанай облысының Рудный қаласында «Мемлекеттік қызметтегі ілгерілеу жүйесі: тәжірибе мен жетістіктер» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

2019 жылғы 25 қыркүйекте Қостанай облысының Рудный қаласында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен ұйымдастырылған «Мемлекеттік қызметтегі ілгерілеу жүйесі: тәжірибе мен жетістіктер» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс шараға облыстың 20 қала мен аудандардың және жергілікті атқарушы органдарының персоналды басқару қызметінің басшылары қатысты.

Кіріспе сөзбен Рудный қаласының әкімі Б.Т. Ғаязов сөз сөйледі.

Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығының Бас директоры Б.Ғ. Нұрғазиева өз сөзінде мемлекеттік органдарда персоналды басқару үдерістерін жетілдіруде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің рөлін атап өтті.

Персоналды басқару қызметінің басшылары персоналды басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты қызығушылықты білдіретін сұрақтар қойды. Осы іс шараның барлық қатысушылары арасында қарқынды талқылау мен пікір алмасу болды. Бұл – аталған тақырыптың өзектілігін білдіреді.

Агенттікпен өткізілетін рейтинг шеңберінде «Е-қызмет» жүйесін пайдаланудың көсбасшылық көрсеткіштерін осы өңірдің мемлекеттік қызметшілері көрсететінін атап өткен жөн.

Дөңгелек үстел қатысушыларының персоналды басқару бөлігінде жоғары хабардарлығы жағымды әсер қалдырып, жалпы «Е-қызмет» жүйесінің өзектілігі мен тиімділігін көрсетеді.

Similar Posts