Еліміздің көлік полицейлерімен ұйымдастырылған «Мен полицей боламын» атты форум

Ағымдағы жылғы 29 қазанда ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастамасымен Нұр-Сұлтан қаласы «Казмедиа Холл» Киноконцерт залында Қазақстандағы жастар жылына орайластырылған «Мен полицей боламын» атты форум өтті.

Форумның мақсаты – ішкі істер органдарының қызметі туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және қолдау, ІІО қызметкері мамандығының, полицияның беделін арттыру, жастарды ішкі істер органдарында қызмет етуге насихаттау, патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылады.

Форумға Көліктегі полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бекеев Оңал Ботайұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығының бас директоры Нұрғазиева Бану Ғаниқызы, ҚР ІІМ, Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің, ҚР ІІМ Қарағанды академиясының және Астана қ. бойынша «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, осы іс-шараны ұйымдастыруға астаналық жоғарғы оқу орындарынан еріктілер тартылды.

Осы форумда алдымен Медиаорталықтың холлында департаменттің қызметі туралы презентация көрсетіліп, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған қызметкерлер мен адамдарды түрлі қауіп-қатерден құтқарған ержүрек полицейлер туралы фотосурет көрмесі ұйымдастырылды. Департаменттің Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы мен Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері нысанды киім-кешек үлгілерімен және арнайы қару-жарақ, оқ-дәрілерді көрсетіп, таныстырды.

Салтанатты іс-шараның ашылуы кезінде Көліктегі полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бекеев Оңал Ботайұлы жиналған жастар өкілдеріне жылы лебізін білдіріп, сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев құқық қорғау жүйесін реформалауға қатысты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі полиция азаматтарға олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету органына айналуы тиіс екенін атап өтті.

Президент «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру туралы ерекше атап өтті.

Форум жұртшылықпен сындарлы диалогты жүзеге асыру алаңдарының бірі болды.

Іс-шара барысында қонақтар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қойып, басшылықтан тікелей ІІО-ға қызметке түсуге қатысты, ІІМ-нің реформасы, халықтың полицияға деген сенімін арттыру және т.б. туралы толық жауаптар алды.

Сондай-ақ, қатысушылар арасында креативті сайыстар өткізілді, онда студенттер тапқырлықпен қызықты сұрақтарға жауап беріп, әлеуметтік желілерде өткізіліп отырған форуммен бөлісуі керек болды. Сайыс жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталды.

Студенттерге жарылғыш заттар мен есірткі іздеуге үйретілген қызметтік іздестіру иттерінің мүмкіншіліктері үлкен қызығушылық тудырды. Департамент кинологтары «Цезарь» және «Додди» атты өздерінің төрт аяқты әріптестерімен қызмет барысында іздестіру жұмысын қалай жүргізетіндігін көрсетті. Жануарлар күрделі командалар мен трюктер орындады.

Жалпы, барлық жиналғандар үшін осы форумға қатысу пайдалы тәжірибе болды, жаңа әсер, танысу және алға талпыну үшін шабыт әкелді. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар еріктілерге, форум қонақтары мен қатысушыларына қолдау көрсетіп, белсенді қатысқаны үшін алғыстарын білдірді.

Форум қорытындысы бойынша конструктивті диалог өткізіліп, полицейлер жастар мен жалпы жұртшылық үшін әрқашан ашық екеніне барлық жиналғандардың нық сенімі қалыптасты.

Дереккөз: mvd.gov.kz

Фото: patrul.kz

Similar Posts