Өңірлерде тестілеуді тапсырудың үшінші легі іске қосылады

Тестілеуге кандидаттар легінің артуына байланысты 2020 жылғы 20 және 30 желтоқсан (қоса алғанда) аралығында  Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Тараз, Түркістан, Шымкент және Орал қалаларында күн сайын жұмыс күндері сағат 18:30-дан 22:00-ге дейін заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуді тапсырудың үшінші легі іске қосылады.

✍️ Тестілеуге жазылу «Электрондық үкімет» (www.egov.kz) веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

#тестілеу #мемлекеттікқызмет #Ақтау #Ақтөбе #Атырау #Алматы #Қарағанды #Қызылорда #Тараз #Түркістан #Шымкент #Орал

Similar Posts