«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі

 Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару жүйесінің бизнес-үдерістерін жетілдіруге арналған «Е-қызмет» ЫАЖ электрондық іс жүргізудің технологиялық базасы болып табылады.

«Е-қызмет» ЫАЖ технологиялық негізін бірыңғай орталықтандырылған деректер қоры құрайды.

Жүйе 9 блок және 31 функционалдық ішкі жүйелерінен тұрады.

  «Е-қызмет» жүйесі арқылы келесі функциялар орындалады:

  • мемлекеттік органның персоналын басқару қызметін автоматтандыру;
  • мемлекеттік қызметкерлерді және мемлекеттік қызметке үміткерлерді тестілеу қорытындыларын алу;
  • мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
  • барлық деңгейде дисциплинарлық бақылауды қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік қызметтің персоналын басқаруды үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес жүзеге асыру;
  • орталық және аумақтық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлерге қатысты кадр бойынша толық ақпаратты «online» режимде алу;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі меморандумында және стратегиялық жоспарында көзделген мақсаттар мен түйінді мақсатты индикаторларға жету.