Әкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымына үміткерлерді тестілеу Қоғам қызметі бағыттарының бірі болып табылады және ол Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініш білдіруі бойынша өткізіледі. Тестілеуге жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар адамдар жіберіледі. Тестілеу рәсімін жүзеге асыру үшін «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің «Тестілеу» ішкі жүйесі қолданылады.
Тестілеу барысы мемлекеттік тілді білуге арналған тесті және заңнамалық актілер бойынша сұрақтардан тұрады. Тестілеу залдары орталықтандырылған бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік бағдарламасымен қорғалған 500 жұмыс станциялары бар республиканың 14 аймақтық орталықтарында, 3 республикалық маңызы бар қалаларында (Нұр-Султан, Алматы, Шымкент) және облыстық маңызы бар қалаларда Арқалық, Балқаш, Семей, Жезказган қалаларында орналасқан.
Барлық тестілеу процедураларының үздіксіз дыбыс және бейне жазбасы қамтамасыз етіліп, алты ай сақталады.
Тестілеу залдары ұялы байланысты тұншықтыратын құралмен, кандидатты сәйкестендіру мақсатында карт-ридермен жабдықталған. Әрбір жұмыс станциясы кандидатты суретке түсіруге және тестілеу барысын бейне жазба жүргізуге арналған веб-камералармен қамтамасыз етілген.
Көрсетілген шекті мәннен төмен нәтиже алған жағдайда қайта тестілеуге кемінде 15 күнтізбелік күн кейін жіберіледі.
Тестілеу ережелері бұзылған жағдайда, үміткер тек 6 айдан кейін ғана қайта тестілеуге жіберіледі
Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу үшін тестілеу қалай өтеді

2016 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР заңына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес азаматтарға тағы бір тестіден – жеке қасиеттерді бағалаудан өту қажет.