«Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы «Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік қызметтің рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев тапсырмасына сәйкес құрылды. . Қоғамды құрудың мақсаты – кадрларды іріктеу, бағалау және мансаптық жоспарлау арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың жаңа жүйесін енгізу.
2000
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 50 Қаулысымен құрылған болатын.
2002
«Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 7 мамырдағы № 506 Қаулысымен құрылған болатын.
2008
«Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы «”Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы” мемлекеттік мекемесін және “Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1305 Қаулысы негізінде «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қоғамның жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен акционерлік қоғам нысанында құрылды.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қоғамның құрылтайшысы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (Жалғыз акционер) Қоғамның акцияларының мемлекеттік пакетінің 100% иелену және пайдалану құқығын тиісті қабылдау-беру актісінің негізінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.